Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 бала туып бересің ба": Төреғалидің жары оның асқақ арманын айтты

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары оның асқақ армандарының бірі туралы айтып берді. Белгілі болғандай, өнер иесі көпбалалы әке болғысы келген. Ол келіншегі Толқыннан үйленер алдында оған 10 бала туып беруін сұраған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Тұрарбекқызы отағасының арманы туралы өзінің Instagram парақшасында айтқан.

Ол жолдасына арнаған жазбада Төреғалидің кішкентай кезінен бері балажан болғанын жеткізді. Оның сөзінше, өнер иесі қарындастары туылғанша, анасына күнде он бала туып беруін сұраған екен. Эстрада жұлдызы артынан біреу еріп жүргенін қатты қалаған.

Кейін уақыт өте өзі отбасын құрған әнші анасына айтқан сөздерін жарына да айтқан.

"Төремнің арманы. Төрем көпшілікті бала күнінен жақсы көретін. Қайда жүрсе де, қасына біреу еріп жүргенін қалайтын. Өзінен кейін қарындастары туылам дегенше, мамамызға күнде: "Апа, он бөпе туып берші", дейді екен. Біз отау құратын кезде, "маған 10 бала туып бересің ба?" - деген. Мен де көпбалалы отбасынан болғандықтан, Алла денсаулық берсе, 10 туам деп уәде бере алмаймын, бірақ 7-еуіне тырысып көремін дегенмін. Сонда, екеумізде өте балажан екенімізді қазір түсінемін. Алла сол ниетімізге балапандарымызды бірінен-кейін бірін беріп жатыр! Аллаға сансыз шүкір. Бір күндігін ойлаған мал өсірер, он жылдығын ойлаған тал өсірер, мәңгілігін ойлаған бала өсірер демекші, Аллахым ұрпағымыздың салиқалы ұрпақтан болуын баршамызға нәсіп етсін" , - деп жазды Толқын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903018-10-bala-tuyp-beresin-ba-toregalidin-zary-onyn-asqaq-armanyn-aitty/

pixel