Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантин қайда": Әнші Айқын шектеуге қарамастан Шымкентте концерт өткізбек

Опубликовано:

Айқын Төлепберген
Фото: Instagram/aikyn

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген Шымкентте концерт өткізетінін хабарлады. Өнер иесінің ән кеші 14 наурызға жоспарланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы шоу-бизнес жұлдызының өзі Instagram желісінде хабарлаған. Ол Шымкент шаһарындағы барша жанкүйерлерін өз ән кешіне шақырды.

"Алақай! Алғашқы концерт! Шымкент! Түркістан сарайы. Көптен күткен кеш! Баршаңызды күтемін. Осы жексенбі! 14 наурыз! Концерт", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын бірден қызу талқылап, оны сұрақтың астына алды. Олар өнер иесінен басқа қалаларға қашан концерт беретінін білмек болды.

Алайда, алдағы уақытта болатын ән кешіне қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Шоу-бизнес өкілінің жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қатты қуанса, енді бірі концерттің карантин күшейтілген кезде ұйымдастырылып жатқанына шүйлікті.

"Концертке кім рұқсат берді?", "Карантин емес пе? Шектеу шаралары күшейтіліп жатыр ғой" , "Карантин қайда қалды?" , "Хаттамалардың шаңын сүртіп, дайындап қою керек" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903024-karantin-qaida-ansi-aiqyn-sekteuge-qaramastan-symkentte-koncert-otkizbek/

pixel