RU

"Кеудеңді жап": Желідегілер Зарина Омарованы орынсыз сынап тастады

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Отандық танымал әнші Зарина Омарова ел алдына жаңа образда шықты. Имиджін өзгертіп тастаған өнер иесін жанкүйерлері танымай қалған. Ал кейбір оқырмандар әртісті ашық образы үшін сынға да алып үлгерді. Алайда, олар шоу-бизнес жұлдызының кеудесін жауып тұрған жұқа матаны байқамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова Instagram желісінде жаңа фотоларымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Наурыз мерекесіне арналған бағдарлама түсіріліміне қатысқан әншінің образы жұртшылыққа ұнамай қалған көрінеді.

"Бәрі әдемі, бірақ неге кеудеңді айқара аштың?" , "Толығымен аша салмадың ба?" , "Ұят емес пе?Кеудеңнің ашық тұрғаны бәрін құртып тұр" , "Не сұмдық? Кеудеңді жап" , - деп жазды ұятмендер.

Алайда, желі қолданушылары арасында Омарованың жаңа образына тәнті болғандар да баршылық. Олар сыни пікір білдіріп жатқандарға тойтарыс беріп, әртісті жақтап шықты.

"Фигураңыз от. Бәрі жарасымды, ешкімді тыңдамаңыз" , "Керемет образ, сізді танымай қалдым" , "Сөз жоқ" , "Сізге мұндай шаш үлгісі ерекше жарасады екен" , "Қай жері ашық қалыпты? Байқап қарасаңыздар кеудесін дене түсімен бірдей мата жауып тұр" , "Егер дұрыстап қарасаңыздар матаны көресіздер" , - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903116-keudendi-zap-zelidegiler-zarina-omarovany-orynsyz-synap-tastady/