RU

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV рейтингісінде көш бастады

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық ғажайып дауысты әнші Димаш Құдайбергеннің "Across Endless Dimensions" атты әніне таспаланған бейнебаян MTV USA апталық рейтингісінде көш бастады. Бұл жаңалықпен өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлаған.

"Across Endless Dimensions атты әніме түсірген бейнебаяным бүгін MTV USA рейтингісінде бірінші орынға ие болды. Дауыс бергендеріңіз үшін алғысым шексіз. Сіздер мені әрқашан қолдап жүресіздер. Рахмет" , - деп жазды Димаш.

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бұл жаңалыққа қатты қуанып, сүйікті әншілерін жеңісімен құттықтады.

"Құттықтаймыз! Сен жеңіске әбден лайықсың" , "Жеңісің құтты болсын! Бағындырар шыңдарың әлі алда", "Сен кез келген жоғары деңгейлі марапаттарға лайықсың. Біз сен үшін қуаныштымыз" , "Димаш қуанса, біз де қуанамыз. Жеңісміз құтты болсын" , - деп жазды ғажайып дауысты әртістің табынушалыра.

Friday Livestream MTV бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни де қазақстандық тума ьалантты құттықтап, өз ақ тілегін білдірді.

"Димашты рейтингте көш бастауымен және MTV аясында аса сұранысқа ие үздік он әртістің қатарына кіруімен құттықтаймын" , - деп жазды ол Twitter желісінде.

Айта кетейік, бүгінде аталмыш бейнебаян YouTube кеңістігінде 2,5 млн қаралым жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903197-dimas-qudaibergennin-beinebayany-mtv-reitingisinde-kos-bastady/