Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісованың қызы биімен желідегілерді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Мақпал
Фото: Ашық дереккөзден

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісованың қызы желі қолданушыларын биімен тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қызы Мерей Заманбектің билеген биін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бейнежазбадан анасының Мерейдің қылығына, биіне тамсанып тұрғанын байқауға болады.

Мерейдің биі тек анасын ғана емес, көпшіліктің де көңілінен шыққан.

"Не деген би", "Мерей не істесе де жарасып тұр", "Жаным, ақылды өзі", " Керемет", - деп жазған желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова әншілік мансабын бастағалы ешкімге "атақ бер" деп хат жазып көрмегенін айтқан еді.

"Жазғысы келсе жазсын. Жалпы мен атақтың артынан қумау керек, атақ сені қуып жүру керек деп ойлаймын. Бізде де талай атақ, даңқымыз бар ғой. Бірақ менің концерттерімде конферансье деген жоқ. Менің халық әртісі және тағы да басқа наградаларымды ешкім айтпайды. Халықтың алдына өзім атып шығамын. Болды. Халық ду қарсы алады. Әр әншіде сондай махаббат болу керек.

Сахнада жүргеніме жақында 40 жыл болады. Атақ бер деп хат жазып көрмеппіз. Осы жақында ғана "Құрмет" орденін алдым. Сөйтсем, оны менен 20 жас кішілердің барлығы алып алған екен. Мен оны өзім алған кезде бір-ақ білдім. "Сізге енді беріп жатыр ма?" дегенде бір түрлі болып қалдым. Ол адамдар да хабарламаған. Өздерінің орденін алғандарын айтпай жүре берген",- деген еді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903422-maqpal-zunisovanyn-qyzy-biimen-zelidegilerdi-tanti-etti-video/

pixel