Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызының шашын қызыл түске бояған Аша Матай ел сынына ұшырады (видео)

Опубликовано:

Аша Матайдың қызы
Аша Матайдың қызы. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай қызының шашын басқа түске бояймын деп елден оңбай сөз естіді. Желідегілер балабақшаға баратын бүлдіршінге мұндайды рұқсат еткен ақпарат өкілін қатаң сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай қызы Асылымның шашын қызыл түске бояп тастаған видеосын өзінің Instagram парақшасында бөліскен болатын. Кейіннен аталмыш бейнежазба түрлі пабликтерге тарап, елдің қызу талқысына түсті.

Көпшілік тележүргізушіні бұл әрекеті үшін сынап, оған жағымсыз пікірлерді жаудырған. Олардың ойынша, кішкентай қызға мұндай жаста шаш бояуға рұқсат еткен дұрыс емес. Кейбірі тіпті бұл үрдісті бала денсаулығына зиянды екенін жазуда.

"Немен айналысарын білмей жүргендер. Бала бала болып өсу керек" , "Кішкентай қыздың шашын бояп, ерте есейтіп қайтеді. Балалардың балалығын ұрлаудың қажеті не?" , "Мұндай жаста шаш бояған дұрыс емес. Біріншіден, бала ерте есейеді, екіншіден бұл денсаулыққа зиян емес пе" , "Неше түрлі түске бояу аса ерсі көрінеді" , "Әлі ерте ғой. Табиғи шашты құрттың" , "Шашы құртылды ғой. Баланың шашын бояуға ерте ғой" , - деп жазуда олар.

Алайда, сыни пікірлермен қатар, Аша Матайды қолдап шыққандар да болды. Олар шүйліккен халыққа біреудің отбасына араласпауға кеңес берген.

"Біреуге ақыл айтудан шаршамайды екен. Аша ханым тыңдамаңыз. Әркімнің баласы өзіне" , "Әр ата-ана өзі біледі. Біреудің отбасына араласудың қажеті жоқ" , "Өзіне жарасып-ақ тұр. Жаңа түсін көргенде қалай қуанғанын көрдіңіздер ме" , "Әр ата-ана баласын қалай тәрбиелеуді өзі біледі" , - деп пікір білдірді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903786-qyzynyn-sasyn-qyzyl-tuske-boyagan-asa-matai-el-synyna-usyrady-video/

pixel