Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда карантин кезінде әнші Бүркіттің анасы үшін мерекелік кеш ұйымдастырылған (видео)

Опубликовано:

Бүркіттің анасы үшін ұйымдастырылған кеш
Бүркіттің анасы үшін ұйымдастырылған кеш. Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Отандық танымал әнші Бүркіт желіде анасының 80 жас мерейтойы қалай өткенін көрсетті. Өнер иесінің сөзінше, мерекелік шараны Жамбыл облысының мәдиниет басқармасы мен Уәлиханов атындағы кітапхана басшылығы ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің анасының құрметіне ұйымдастырылған мерекелік кеш 17 наурыз күні Тараз қаласындағы Абай театрында өткен көрінеді. Желіде тарап кеткен видеолардан той қонақтарының барлығы дерлік маскасыз жүргенін байқауға болады.

Эстрада жұлдызы анасының мерейтойы қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсеткен еді. Бейнежазбаларда оның келіншегі Аиша да бой көрсетеді.

"Анамның 80 жас мерей тойына орай Жамбыл облысының Уәлиханов атындағы кітапхана басшылығының және Жамбыл облысының мәдениет басқармасының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен тамаша кеш үшін алғысымызды білдіреміз", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, Бүркіттің анасы Айша Көпжасарова танымал ақын әрі Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болып табылады. Әртістің сөзінше, анасы 20 жыл бойы Тараздағы Абай атындағы театрда мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Желі қолданушылары туған күн иесін жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903910-tarazda-karantin-kezinde-ansi-burkittin-anasy-usin-merekelik-kes-uiymdastyrylgan-video/

pixel