Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Тоқтар Серіковтің анасы қайтыс болды

Опубликовано:

Тоқтар Серіков анасымен
Фото: instagram.com/toktar_beibit

Танымал әнші Тоқтар Серіковтің анасы дүниеден өтті. Қаралы хабарды Instagram парақшасында Сәкен Майғазиев жеткізіп, досына көңіл айтты.

"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай", - деп жазған Сәкен Майғазиев.

Осы ретте Тоқтар Серіковтің жары Бейбіт Сейдуәлиева да парақшасында қара сурет жариялаған. Әншінің оқырмандары қара жамылған отбасыға көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқан.

"Иманды болсын... өкінішті. Анаңызды керемет құрметтейтін едіңіз, әр қазақтың ұлы сіздей болсын", "Анаңыздың жаны жаннатта болсын. Тоқтар мырза сізге, туыстарыңызға Алла сабыр берсін", "Әттең-ай... Жанымыз жабырқап қалды. Бекем болыңыздар. Алла алдынан жарылқасын", "Апамыздың жаны жаннатта болсын! Алла алдынан жарылқасын!", "Иманды болсын", - деп желідегілер көңіл айтуда.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904271-ansi-toqtar-serikovtin-anasy-qaitys-boldy/

pixel