Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда актриса Салтанат Құдайбергеноваға шабуыл жасалды

Опубликовано:

Салтанат Құдайбергенова
Салтанат Құдайбергенова. Фото: instagram.com/saltanatmusic

Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық әнші әрі актриса Салтанат Құдайбергеноваға такси жүргізушісінің шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция департаменті шабуылдау фактісін растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алдын ала деректер бойынша, актриса мен такси жүргізушісінің арасында жанжал туындаған. Жүргізушінің кім екені анықталып, оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Алматы қаласы полциия департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс Алмалы ауданы полиция басқармасының өндірісінде.

Департамент берген мәліметке сүйенсек, зардап шегуші алған жарақаттың ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Содан кейін заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетсек, Салтанат Құдайбергенова - қазақстандық актриса, әнші әрі музыкалық продюсер.

Ол телекөрермендерге "Кенже" және "Бикештер телехикаялары арқылы танылған. Сондай-ақ "Томирис" фильміндегі рөлімен көптің есінде қалған. Сонымен бірге ол "Арыс жағасында", "Сәлем", "Кең жайлау" секілді әндердің орындаушысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін мониторингтік топтан қашпақ болған Қайрат Нұртас видеоға түсіп қалған еді. Осы сәтті Алматы телеарнасының тілшілері түсіріп алған.

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге тап берген. Тіпті, телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.

Сондай-ақ ол карантин кезінде мейрамханада ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904713-almatyda-aktrisa-saltanat-qudaibergenovaga-sabuyl-zasaldy/

pixel