Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәтті бауырсақ": Кішкентай кезіндегі суретімен бөліскен Иманбек елді тәнті етті

Опубликовано:

Иманбек Зейкенов
Фото: Instagram/imanbekmusic

Әйгілі "Грэмми" жүлдесін иеленген қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов желіде өзінің бала күнгі суретін жариялап, ел жүрегін елжіретті. Көпшілік гитарада ойнап отырған кішкентай балақайға тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық өнерпаз Instagram парақшасында бірден екі фотомен бөліскен. Бір суретте гитарамен есейген Иманбек отырса, екіншісінде оның бала кезіндегі түрін көруге болады.

"Жылдар өтуде, бірақ менің музыкаға деген махаббатым өзгерер емес" , - деп жазды Павлодар облысының тумасы.

Қалың көпшіліктің пікірінше, Иманбек бұл аралықта мүлдем өзгермеген. Олар музыканттың тек денесі ғана өскенін айтты.

"Жылдар өтсе де, Иманюектің түрі өзгермеген" , "Тәтті бауырсақ өзі. Есейсең де түрің өзгермейді екен" , "Бар болғаны денесі ғана өскен ғой. Түрі сол қалпы", "Жылдар өтуде. Ал Иманбектің беті әлі де сондай томпақ" , "Қандай тәтті баласың" , - деп жазуда халық.

Еске сала кетейік, ақсулық Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды. Жеңімпаздарды жариялау рәсімі 14 наурызда өтті.

Диджейді жеңісімен Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905335-tatti-bauyrsaq-kiskentai-kezindegi-suretimen-bolisken-imanbek-eldi-tanti-etti/

pixel