Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық қызымды танитын болады": Жазира Байырбекова әкесінің арманы туралы айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің бұрынғы армандары туралы айтып берді. Өнер иесі бала күнінде тұрмысқа шығып, үлгілі келін болуды арман еткен. Алайда, әншінің әкесі оның болашағы үлкен сахнамен байланысты болатынын жорамалдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова кішкентай кезіндегі естеліктерімен Instagram парақшасында бөлісіп, ел назарына өзінің бала күнгі фотосын ұсынған.

"Бала күнімде гастрольдік сапарда көп жүрдім. Әр ауылдан өтіп бара жатып “мен қай ауылдың келіні болар екем” деп ойлайтынмын. Шелекпен су тасыған,басына орамал таққан келіншектерді көрсем “мен де осылай жүретін шығармын” деп ойладым" , - деп жазды өнер иесі.

Алайда, әртістің әкесі мүлдем басқа нәрсені армандаған болып шықты. Ол қызын үлкен сахнада көргісі келген.

"Бірақ әкемнің “Жаскам керемет әнші болады.Жазираны қазақ халқы танитын болады”деген сөздері санамда қалып қойды. Сонымен өз санамдағы да,әкемнің тілегені де орындалған сияқты. Ауылда тұрып келіндік қызметімді де жасап үлгердім,Әкемнің тілегін де орындау үстіндемін. Аллаға шүкір" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905702-xalyq-qyzymdy-tanityn-bolady-zazira-baiyrbekova-akesinin-armany-turaly-aitty/

pixel