Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің жары өзінің ұзату тойы қалай өткенін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/toregalitoreali

"Ұлы дала келіні" атанған Төреғали Төрәлінің келіншегі желіде ұзату тойының видеосымен бөлісіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Толқын Тұрарбекқызы өміріндегі ерекше сәтінен үзінді жариялап, барша оқырмандарын қуантты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің жары Instagram желісіне тіркелгеннен кейін барынша белсенділік танытып, өзіне қатысты тың мәліметтермен бөлісуде. Бұған дейін алғаш рет келін болып түскен кезін есіне алған Толқын бұл жолы халыққа өзінің ұзатуы қалай өткенін көрсеткен.

Жұлдызды әулеттің келіні отбасылық мұрағаттағы видеоны жариялап, елді қатты таңғалдырған. Бейнежазбадан Төреғали мен Толқынның ұзату кезінде қонақтардың алдында бірге ән салып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары "ұлы дала келінінің" ән айту шеберлігіне тәнті болып, өз пікірлерін білдірген.

"Дауысың өте әдемі! Бақытты болыңдар өте керемет! Көз тимесін сендерге", "Бізге сіз сияқты келін бұйырса екен" , "Өте жарасымды жұп" , "Сіздің ән айтатыңызды білмеппін" , "Керемет орындау, дауысыңыз әдемі екен" , "Өнерге жақын екенсіз ғой", "Толқынның біз білмейтін талай талай өнерлері шығады", "Керемет орындау болды қызым. Ұяңдығыңғой қызым сенің, бәріміз жақсы көреміз" , - деп жазды көпшілік.

Алайда, видеодан Толқын Тұрарбекқызы өзінің түрін жауып тастаған. Бұл жайт кейбір оықрмандарға жақпай қалды.

"Неге бетіңді жауып қойдың? Ол қыз кезің ғой, орамалды келін болған соң салдың ғой", "Неге қойдың, бетіңді жабатын болсаң", "Неге беті жабық? Кішкентай бала емес қой көз тиеді дейтіндей", "Бетіңді жаппай - ақ қоюың керек еді. Ол бұдан алдындағы бейнең емес пе, жаным", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906915-toregalidin-zary-ozinin-uzatu-toiy-qalai-otkenin-korsetti-video/

pixel