Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киімі күн сайын қысқаруда": Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа образы ел ашуын тудырды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Видеодан кадр

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде жаңа образын паш етіп, қалың көпшіліктен оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары бұған дейін оранып жүрген әншінің енді тым қысқа әрі ашық киініп кеткеніне шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында кезекті фотосессиясының видеосымен бөлісті. Бейнежазбада өнер иесінің қысқа киіммен суретке түсіп жатқанын көруге болады.

Әншінің желідегі оқырмандары оны бұл әрекеті үшін аяусыз сынға алды. Олар бұған дейін барынша оранып жүрген әртістің хиджабты шешкен бойда ашық образдарға көше бастағанына ашуланған.

"Ақбота жақында ғана оранып жүрді емес пе" , "Бала-шағасын асыраймын деп жалаңаш шықпаса болғаны" , "Осы күнде өз-өзіңді жұлып, біресе хиджап киіп, шорты киіп есің шығады да журеді екен", "Жақында жалаңаш шықса да таңғалмайтын болдық" , "Киімдері күн сайын қысқарып бара жатыр. Жақсы әйел еді" , "Біресе оранады, біресе шешінеді. Не боларын білмей жүр" , - деп жазды олар.

Алайда, желідегілер арасында актрисаны қорғап шыққандар да бар.

"Өте әдемі. Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын" , "Түсіністікпен қараңдар жұмысы ғой. Модель ретінде түсіп жатыр. Жаңа ғасырдың адамдарымыз" , "Бұл образда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", "Ақбота біріншіден өнер адамы. Сол себппті оны негізсіз сынаудың қажеті жоқ" , "Ол не кигені үшін ақталуға міндетті емес. Әркімнің өз өмірі мен өз таңдауы бар" , "Өте жарасымды, ешкімді тыңдамаңыз, біз сізді қолдаймыз" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906920-kiimi-kun-saiyn-qysqaruda-aqbota-seiitmagambettin-zana-obrazy-el-asuyn-tudyrdy/

pixel