Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп сөйлейсіз": Анна Данченко өзін сынға алғандарға жауап берді

Опубликовано:

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко өзінің бағдарламаны тізгіндеу шеберлігін сынға алған көрермендерге жауап берді. Журналист тікелей эфирде барынша ешкімнің жеке өміріне араласпай, өз міндетін жақсы атқаруға тырысатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченконы желі қолданушыларына "көп сөйлегені" үшін жақпай қалған. Бұл сыни пікірлер тележүргізуші тарапына "Бір болайықта" бұрынғы ғашықтар Ислам мен Шынардың қауышқан сәтінен кейін келіп түскен.

Алайда, ақпарат өкілі өзіне айтылған бұл сөздерді жауапсыз қалдырмай, өзінің жүргізу шеберлігіне күмәнмен қарайтындарды орнына қойды.

" Көп сөйлейсіз" деп жазатын көрермендер бар. Әсіресе кеше Ислам мен Шынар студияда кездескен кезде. Мүмкін, бірақ көп көріспей, елдің алдында жүздесіп отырған қызбен жігіттің әңгімесіне араласқым келмейді, сондықтан олар бір-бірімен оңаша отырып сөйлесетінін сездім. Ол әңгімеге маған араласқан ұят. Ол - жеке. Мен, жобаның жүргізуші болғаннан кейін екеуі үндемей қалмаса екен, сұрақтар да жауаптар да бағдарламаны көріп отырған телекөрерменге қызықты болса екен деп барымды салдым.
Оған қоса, әңгімеміз 1 сағатқа созылды. Шынармен алғаш танысып-көрісуім, ел көп күткен аруды мен де жақсылап танығым келді. Мен ойланып сөйлейтін адаммын, жүрегім қалай сезеді сауалдарым да сол жағдайға сай қойылады. Тәжірибем бар, адам танимын, сондықтан мен жастарға сөйлеуге мүмкіндік бермедім емес, сол сәтте екеуінің ашылып сөйлесіп, естеліктерімен бөліскендерін қаладым" , - деп жазды Анна Данченко Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906991-kop-soileisiz-anna-dancenko-ozin-synga-algandarga-zauap-berdi/

pixel