Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толқын Тұрарбекқызы: Тағдырға мойынсұнып, ерімнің артынан еріп келемін

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Төреғали Төреәлінің жары желіде махаббат пен тағдыр тақырыбына қатысты аса әсерлі жазбамен бөлісті. Толқын Тұрарбекқызы осы күнге дейін көптеген жайттарды ысырып тастап, тек ерінің артынан еріп келе жатқанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің келіншегі Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Толқынның махаббат және бақыт жайындағы пайымы желідегілерге қатты ұнаған.

"Ерімнің артынан ере берем. Тағдырға мойынсұнып, ерімнің артынан еріп келем. “Магистрлік дипломым бар, шет тілдерін білем, жұмыс істеуім керек, сен мені былай қамтамасыз ет” деген ойдан аулақпын, өзімді дамытуды да тоқтатқан емеспін, Аллаға шүкір! Ол да Алланың қалауымен! Тек әр деңгейдің өзінің приоритеттері болады екен, соны дұрыс бағыттауға, дұрыс пайдалануға тырысып келемін! Сондықтан, жүрегім махаббатымның соңынан көзімді жұмып жүре бергенімді қалады. Ал ақылым жүрегімді тыңдады, әрі қателескен жоқ.
Аллаға шүкір, көптеген пайым мен көзқарастар уақыт өте, істеген әс-әрекетіңмен ниетіңе қарай келе беретінін қазір сезінемін! Әрі қуанамын! Неге?! Себебі сол бақытыма сенгеніме, сенімімнің жеңіп келе жатқанына көзім жетеді! Бақытқа жетелейтін, тек қуаныш емес. Бақытқа жетелейтін, қиындықтан жан-жарыңмен қол ұстасып, араңнан ала жіп өтпейтіндей сеніммен бірге өту. Ол алапат күш дер едім. Бір қиындықтан өткен жұптың арасындағы байланыстың түбі көрінбестей тұңғиық секілді. Аллам амандығымызды берсін. Әр қиындықтың артында жеңілдік бар" , - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907127-tolqyn-turarbekqyzy-tagdyrga-moiynsunyp-erimnin-artynan-erip-kelemin/

pixel