Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас тағы да балалы болғысы келетінін айтты (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы қоғамда әлі де қызу талқылануда. Ерлі-зайыптылар өздерінің ажырасып кеткені жайлы қауесеттерден соң, бірге жиі көріне бастады. Ал енді әнші алдағы уақытта Жұлдыздан тағы бір баланы қалайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың арақатынасы үшін аса қатты алаңдауда. Олардың ажырасқаны жайлы қауесеттерден соң, қалың көпшілік ерлі-зайыптыларды сұрақтың астына алды.

Халықтың қызу талқысындағы тақырыпты Жұлдыздың өзі өршіте түсті. Актриса жаңа үй іздеп жатқанын хабарлап, елді ойландырып қойды. Оның үстіне жұбайлар желіде бір-бірін өшіріп тастаған болып шықты.

Алайда, кейіннен Әбдікәрімова Қайраттың үйде ас ішіп отырған видеосын жариялап, тарап кеткен қауесеттерді жоққа шығарды.

Ерлі-зайыптылар енді жанкүйерлеріне бір-бірін қаншалықты жақсы білетінін көрсетпек болды. Олар ғаламтор кеңістігінде "сұрақ-жауап" ойынын ұйымдастырды.

Қайрат Жұлдыздан өзінің алғашқы махаббаты туралы сұрады. Әншінің жары ойланбастан, қыздың есімі Мадина болғанын айтты.

Келесі сұрақтың дұрыс жауабын табу үшін анасына баласы көмектесті. Қайрат келіншегіне одан нені күтетіні туралы сауал жолдады. Сол кезде ерлі-зайыптылардың үлкен ұлы "баланы" деп өз болжамымен бөлісті. Алайда, Жұлдыз перзентінің сөздеріне құлақ аспай, "бала бар ғой, ол емес" деп айтты. Бірақ, Қайрат Нұртас әйелін түзеп, ұлымен толықтай келісетінін жеткізді. Өнер иесі келіншегінен тағы да балалы болғысы келетін болып шықты.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр.

Оған қоса, Қайрат Нұртас әйелінің туған күнінен шатасып кетті. Ол Жұлдыздың 12 сәуірде дүниеге келгенін айтты. Алайда, шын мәнінде актриса 14 сәуірде туған.

Хитмен келіншегіне енді бұл екі күнде де сыйлық алатынын айтып әзілдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907458-qairat-nurtas-tagy-da-balaly-bolgysy-keletinin-aitty/

pixel