Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ресми статистикаға сенбеймін": Әнші Айқын карантиннің қатаңдатылуына шүйлікті

Опубликовано:

Айқын Төлепберген балаларымен
Фото: Instagram/aikyn

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген еліміздегі шектеу шараларының қатаңдатылуына қатысты өз наразылығын білдірді. Өнер иесі өзге мемлекеттермен салыстыра отыра, Қазақстандағы COVID-19 жұқтырғандардың ресми сатистикасына мүлдем сенбейтінін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы карантин кесірінен жұмыссыз қалған әнші-жыршылар мен асабалардың жағдайына алаңдаулы. Айқын концерттер мен түрлі шараларға тыйым салса да, кинотеатрлар жұмысына рұқсат беру керек деп есептейді. Әнші бұл мәселе аясындағы ойын "Ревю" бағдарламасында айтты.

"Бізден басқа елде, Өзбекстанда, Беларусь елінде ешқандай шектеу жоқ. Көрші Өзбекстанды қараңыздаршы, локдаун бәрін бітіріп тастаған, ешкім өлып қырылып жатқан жоқ. Беларусь мүлдем локдаун жасаған жоқ. Сондай мемлекеттерге қарамаймыз. Мысалы кезінде адамдардар кәдімгідей ауырып жатқан кез болды ғой. Өзім де аурузанаға жатып шықтым. Сол кезде бәрі ауырып, жан-жақтан хабарласып жатты.
Қазір бірде-бір ондай қоңырау жоқ, бірде-бір танысым ауырып жатқан жоқ. Сандарды қайдан алып жатқанын білмеймін. Мен ресми статистикаға сенбеймін. Киноны сегізінші наурызға қарсы ұсынбақшы болдық. Бірақ, бізге қызыл аймаққа өтетініміз хабарланды. Неге екенін білмеймін, бірақ бәрінің жабылатынын біз алдын ала біліп аламыз. Бізге бір апта бұрын хабарлайды. Дайын отырамыз. Бәрі бір жоспармен істелініп жатыр ма? Мен білмеймін" , - деп ағынан жарылды Айқын Төлепберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907613-resmi-statistikaga-senbeimin-ansi-aiqyn-karantinnin-qatandatyluyna-suilikti/

pixel