Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен екінші планда қалып қойдым": Есен Елеукен Тұрсынбек туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Есен Елеукен
Есен Елеукен. Фото: Видеодан кадр

«Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, еліміздегі Жайдарман ойындарының негізін қалаушы Есен Елеукен Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ойын айтты. Ол белгілі әзілкешпен арада туындаған "дауға" өз пікірін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Есен Елеукен Qasqa Jol Youtube-арнасына берген сұхбатында журналистің Тұрсынбек Қабатовқа қатысты тосыннан қойылған сұрақтарына жауап берді.

"Тұрсынбек өтірікші ме?" деген сауалға Қазақстан КВН одағының төрағасы "өтірікші дей алмаймын, бірақ өтірік айтқан жерлері бар. Ол өзінің қиялындағы нәрсесі, ол солай ойлайтын шығар" деген жауап қатты.

"Кезінде жобаны (Жайдарман) бірге бастағанда тек қана ол емес, көптеген топтар көмектесті. Әрқайсысының өзінің еңбектері бар. Бірге аламыз, бірге жүреміз деген әңгіме болған жоқ. Толық екеуміз келістік деген әңгіме арамызда жүрген жоқ. Лиганы дамытып жүргенде, Тұрсынбек ойнап жүрді, 2008 жылы Еркебұлан Мырзабек бастаған топта" ,- деді ол.

Сонымен қатар, Есен Елеукен кезінде Қабатовтың телеарнаға шығуына қалай септігін тигізгенін айтты.

"Өзінің кінәсін білген соң үндемей жүр" дегені ыңғайсыз болды. Менің ешқандай кінәм жоқ. Мен оның қасына Нағи деген жігітті қосып бердім. Нағи оның телеарнаға шығуына көмектесіп, оның көзін ашып берген. (Нағи Бақытбеков - Qazsport арнасының директоры) Ашып айтсақ, артында біраз әңгіме жатыр. Тұрсынбек бағдарлама ашамын, балдар керек деді. Бастаған кезде қуанып, алғашқы концерттеріне барып жүрдім. Өзі хабарласпайды. Мен "өзің хабарласшы, саған ойыншы жағынан шектеу жоқ" дегенмін" , - деді Есен Елеукен. Оған қоса, Есен Елеукен "балаларға қатыспаңдар деп ешқашан тыйым салған емеспін" деп Тұрсынбектің бір сұхбатта айтқан сөзіне қарсы шықты.

"Жоғары Лига өтетін сәтте қапылып жатқан болатынбыз. Тұрсынбек бұрын бір командада ойнаған досына хабарласып, балаларды сол арқылы сұратты. Досы бізде жұмыс істейтін еді. Тікелей неге маған өзі хабарласпайды. Мен сонда екінші, үшінші планда қалып қойдым" ,- дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907718-men-ekinsi-planda-qalyp-qoidym-esen-eleuken-tursynbek-turaly-syndyqty-aitty/

pixel