Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім алғаш рет ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім ұлымен
Фото: Instagram/mussilim

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім алғаш рет қалың көпшілікке ұлының түрін көрсетті. Желі қолданушылары әкесі мен баласының суретін сүйсініп, оларға өз жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім перзентімен түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте актердің ұлын көтеріп тұрғанын көруге болады.

"Сабыр Айтөре Тәуекелұлы", - деген жазба қалдырды ол фото астында.

Өнер иесінің желідегі оқырмандары отбасылық суретке тәнті болып, кішкентай балақайға өз ақ тілектерін жолдады.

"Құлыншақ аман болсын" , "Кішкентай папасы ғой" , "Құдай бере салған бала. Тәтті балапан өзі", "Бақытты бол", "Балақай өз атын ақтар азамат болып өссін", "Қандай керемет көрініс", "Сізге әке болған сондай жарасады" , "Сіздің көшірмеңіз секілді", "Айтөренің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер" , "Ел мақтанар азамат болсын", "Өз қатарының алды болсын", - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, осы жылдың басында Тәуекел Мүсілім алғаш рет әке атанған болатын. Белгілі актер ұлы мен келіншегін перзентханадан ерекше алып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907826-tauekel-musilim-algas-ret-ulyn-korsetti-foto/

pixel