Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды: Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Фото: Instagram/azamatc

Отандық танымал театр және кино актеры Азамат Сатыбалды желіде бүгінгі қоғамға қатысты азулы жазба жариялады. Өнер иесі қазіргі халықтың кешіп жатқан өмірін сипаттап, неге көңілі толмайтынын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Актер бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан бірқатар жайттарды тізіп шықты. Ол халықтың қазіргі кейпіне көңілі толмайтынын ашып айтты.

Сонымен қатар, өнер иесі жазбасының соңында барша оқырмандарын қасиетті Рамазан айымен құттықтап өтті.

"Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді. Кең талант пен кем таланттың арасында жік жоқ. Көрегендік пен көріпкелдік көмескіленді,себебі батырларымызды өзге ел мойындағаннан кейін ғана бауырымызға басуды шығардық. Тұншығып жатқан қаншама тұлғаларымыз бар. Көзіміз жетсе де көрмегендей күй кешеміз. Ұлы дегеннің кейпі өзгерді. Себебі адамның санасы тұманданды. Тұманды сейілтетін рух. Рухы таза адам ешқашан адаспайды. Қазақ рухын кірлетпеген халық. Жасасын Қазақ елі. Қасиетті рамазан айында алақан жайып, алдымен елдің амандығын тілейік. Ел аман болса, елдің ішінде бізде аманбыз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Мен сіздерді жақсы көремін" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908193-azamat-satybaldy-aqyldy-aitsa-qulaq-aspai-aqymaqtyn-sandyragyna-senetin-zaman-keldi/

pixel