Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салдыруға тура келеді": Айсәуле Бақытбек коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек коронавирус инфекциясына қарсы вацина жайлы өз ойын айтты. Ол қауіпті вирустың барын әлі де жоққа шығарып келе жатқандарды сынға алып, алдағы уақытта қалыпты өмір сүру үшін барлығы түбі екпе салуға мәжбүр болатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ

Айсәуле Бақытбек COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол аты жаман инфекцияның қауіптілігіне сенбейтіндерге шүйлігіп, азулы жазба жариялады.

"Коронавирусты, оның қауіптілігін жоққа шығаратын адамдарға қатты таңғаламын. Қандай жағдай болмасын түбі бәрімізге де вакцина салуға тура келеді. Саяхаттап, бұрынғыдай қалыпты өмір сүргісі келетіндер салатын болады. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз коронавирусқа тап болмаса, демек сіздер аса бақытты жандарсыздар. Менің ортамда қауіпті індетке шалдығып, өлім аузынан қалғандар өте көп. Мен өзім де жазылып шықтым. Қалай осыншалықты ақымақ болуға болады?" , - деді блогер.

Алайда, Айсәуле Бақытбек әзірге өзі екпе салдырмағанын айтты.

"Шынымды айтсам, өзім қашан салдыратынымды білмеймін. Бірақ, вакцина салып жатқандарды сынамаймын. Мен керісінше, оларды түсінемін. Өзім аздап қорқамын, бірақ бәрібір түбі салдыруға тура келетінін білемін" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908562-saldyruga-tura-keledi-aisaule-baqytbek-koronavirusqa-qarsy-vakcina-turaly-aitty/

pixel