Қазақ эстрадасының танымал әншісі екінші рет коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/tolkynzabirova

Танымал эстрада және опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр", - деді ол.

Сонымен қатар Толқын Забирова уақытында вакцина алудың дұрыс екенін сөз өтті.

"Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға бола ма екен? Бәріміз аман болайық. Ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар", - деді эстрада және опера әншісі.

Айта кетейік, Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның telegram арнасында ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

19 сәуірдегі мәліметтерге сүйенсек, коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

Ал Ақмола облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткен.

Сонымен бірге Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары "сары" аймақта тұр.

Қостанай мен Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908684-qazaq-estradasynyn-tanymal-ansisi-ekinsi-ret-koronavirus-zuqtyrganyn-malimdedi/

jitsu gif