Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұншығып естен тандым": Сырқаттанып қалған Бағлан Әбдірайымов ауруханаға түсіп қалды

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Отандық танымал әнші Бағлан Әбдірайымов анафилактикалық шок күйінде жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Өнер иесінің жағдайы вирусқа қарсы дәріні қабылдағаннан кейін күрт нашарлап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов сырқататнып қалғаны туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берген. Эстрада жұлдызы ауырып қалған соң, өздігінен емделіп көрмек болған. Алайда, соңында ол есінен танып, ауруханадан бір-ақ шыққан.

"Ассаулаумағалейкум, достар! 18-сәуір күні суықтап жүрген соң, оразамды бұзып, қосымша витаминдер, система алайын деп шештім. Өйткені, ораза біткенше денсаулық сыр бермесін деп ойладым. Сөйтіп таныс дәріханаға бардым. Витамин салып жатып “противовирусный” укол салды. Секунд өтпей тұншығып естен таныппын. Бір жаққа барып келген соң, укол салған қарындас нашатыр иіскетіп жатқанда ояндым. Дереу “супрастин” және қосымша уколдар салып сәл болса да жеңілдетті.

Сол сәтте жедел жәрдем келіп, қан қысымы, жүрек соғысы бәрін бірден қолға алып ем-домына кірісіп кетті де, ауруханаға жөнелтті. Қалтырап-дірілдеп не болып жатқанын түсінбедім. Қабылдау бөліміне әкеліп системадан ситема құйды. ПЦР тест алды. Нәтиже дайын болғанша бөлек жатқызды. ПЦР теріс нәтиже көрсетіп палатаға шығарды. Содан бері ем алып жатқан жайым бар. Бүгін шығамын, бұйыртса!

Айтпағым: өздігіңмен ем қабылдауға мүлдем болмайды екен. Қандай дәріге, қандай асқа аллергия барын біліп жүрген үлкен олжа екен. Ауырмаңыздар! Вакцина салдырам деп жүргенде жәй уколға талып қалдық. Вакцина салсам 500 000 тг алатын сияқтымын ғой. Қалжың, Құдай сақтасын! Аман болыңыздар" , - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909352-tunsygyp-esten-tandym-syrqattanyp-qalgan-baglan-abdiraiymov-auruxanaga-tusip-qaldy/

pixel