Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайда дүниеге келген": Төреғалидің жары кенже қызы туралы айтып берді

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі отбасымен
Фото: Instagram/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызы кенже қыздары Фатиманың туған күнін атап өтті. Ерлі-зайыптылар перзентінің үш жасқа толуын өз үйлерінде тек ет-жақындарымен тойлаған. Көпбалалы ата-ана желіде мерекелік кеште түсірілген фото мен видеомен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында отбасылық суретпен бөлісіп, туған күн иесін құттықтаған.

"Атасының қызының туған күні" , - деген жазба қалдырған әнші.

Өнер иесінің жары да туған күн кешінен ерекше видео және фото жариялап, кенже қыздары жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Толқын Тұрарбекқызы бұл перзентін Қытай мемлекетінде босанған болып шықты.

"Алла берген Фатимамыз бүгін 3 жасқа толып жатыр! Фатиманың атын - әжесі қойған. Өзі Қытай мемлекетінде дүниеге келген майкөтен қыз. Үлкен қызымызды емге апарып жүргенде Алланың қалауымен Гуанжоу провинциясы, Фошань қаласында туылды. Отбасымызбен ұл болады деп күттік. Қытайлықтар УЗИ-де жынысын айтпайды. Заң сондай, сондықтан босанам дегенше білмедік, бірақ ашты жегім келіп, біраз салмақ қосып, ажарланып кеткесін ұлға балап жүрдік.
Ең қызығы әжесі немересіне барлық киімдерін ұлға дайындап келген. Фатимамды 2 күн толғатып, әкесі қасымызда болғасын ба, жеңіл босандым. Әкесі дәл туылып жатқан кезінде шығып кетті, 15 минуттан кейін қайта кіріп, кім тудың деп сұрағанында, қыз десем, өзің көрдің ба деп соңына дейін ұл күткен қызы, өзінің аузынан түсіп қалғандай. Аллаға сансыз шүкірлер. Өзінен кейін көп күттірмей Алладан тілеген атқа мінеріміз туыла салды. Еркелеп те үлгермей 11 айында тәте боп кеткен ақылдым, Алладан барлық жақсылықтарды тіледім. 3 жасың құтты болсын, ботақаным", - деп жазды әншінің келіншегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909370-qytaida-duniege-kelgen-toregalidin-zary-kenze-qyzy-turaly-aityp-berdi/

pixel