"Ғылымға сенемін": Динара Сұлтан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (видео)

Опубликовано:

Динара Сұлтан вакцина салдырып жатыр
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдырды. Өнер иесі екпеге қатысты ел арасында тарап жатқан түрлі қауесеттерге сенбейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан қауіпті індетке қарсы вакцина алғаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. Ол өзіне екпе салып жатқан сәтінен видео жариялап, алдағы уақытта пандемияның аяқталатынына сенім білдірді.

"Қайырлы кеш! Осы жаңа ғана коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Айтайын дегенім, мен ешқандайда желіде, ватсапта жүрген вакцина туралы теріс мәліметке сенбеймін, мен ғылымға сенемін. Және осы екпенің көмегімен жақын арада бұл індеттің бітетіне сенемін" , - деп жазды Динара Сұлтан.

Эстрада жұлдызы бұл әрекетімен ештеңені насихаттамайтынын жеткізді. Ол бар болғаны өз таңдауын жасағанын айтты.

"Мен тек үлгі көрсетудемін. Өзге дамыған елдер секілді қалыпты өмірге оралу немес оралмау өз еркіңізде. Таңдау өздеріңізде" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Динара Сұлтанның бұл жазбасын бірден қызу талқыға алды. Олар өнер иесінің вакцинадан кейінгі жағдайын сұрап, оған көптеген сауалдарды жолдады.

"Қаншама адам алып үлгерді. Қорқатын нәрсе емес" , "Неге оң қолға жасады. Маған сол қолыма салған еді" , "Антиденелеріңіз көп болғай. Тек вакцинация көмегімен ғана біз індетті еңсере аламыз" , "Вакцинадан кейін қалыңыз қалай?" , "Дене қызуы жоқ па?" , - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909371-gylymga-senemin-dinara-sultan-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy-video/