Актриса Әсел Асқар коронавирус жұқтырып алды (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Фото: Instagram/assel.askar

Отандық танымал актриса Әсел Асқардың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Өнер иесі қауіпті инфекцияны жұқтырып алғанына қапалы. Себебі, екі апта бойы оқшаулану оның жоспарына кірмеген. Әртіс тест нәтижесі қате болуы мүмкін деген үмітпен оны қайтадан тапсыруды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Актрисаның сөзінше, ол тест тапсыру үшін үйіне арнайы мамандарды шақыртқан. Бірнеше сағаттан соң, тестің нәтижесі белгілі болған.

Өнер иесінің ағзасынан коронавирус анықталды. Бұл жайт оның көңіл күйін қатты түсіріп тастаған. Ол тіпті әйелдер қауымына жүргізетін курсын өткізе алмай, оны кейінге қалдырған.

"Бұл індет те мені айналып өтер деп ойлап едім. Болмады. Менен коронавирус анықталды. Бірақ, мен қате кеткеніне әлі де үміттенемін. Ертең басқа зертханада тағы да тест тапсыратын боламын. Өйткені, Айбек "Сен жұқтырып алсаң, мен де коронавирус болуым керек қой. Демек, біз екі апта бойы үйде оқшаулану керепіз" деді. Оның да кқңіл күйі түсіп кетті. Себебі, біздің жұмысымыз, жоспарымыз өте көп. Жылағым келіп отыр. Оның үстіне қатты әлсіреп тұрмын" , - деді Әсел Асқар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909428-aktrisa-asel-asqar-koronavirus-zuqtyryp-aldy-video/