Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан салатынын айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде коронавирусқа қарсы вакцина туралы жазба жариялады. Ақпарат өкілі қауіпті індетпен күресуге көмектесетін екпені қашан салдыруды жоспарлап отырғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, оның анасы мен көмекшісі бүгінде вакцина алып үлгерген. Алайда, тележүргізушінің өзіне әзірге екпе салуға болмайды. Ақпарат өкілі оның себебін Instagram парақшасында түсіндірді.

"Кеше анам (67 жаста) және көмекші қызым вакцина салдырды. Қатты уайымдадым. Вакцинадан кейін сәл әлсіздік болды дейді. Шүкір қазір жақсы. Анам салмас бұрын имамдармен сөйлесті, әбден зерттеді. Қажылыққа барып келген соң дін жағынан қарсылық бар жоғын біліп алды. Бізге анамыздың денсаулығы 1-ші орында болған соң, мейлінше қорғанып жүруін, өзін күтуін айтудамыз. Енді 21 күннен кейін 2-ші фазасын салдырады. Ал маған дәрігер 1-2 айдан кейін саламыз деп отыр, жаңа ауырып тұрдыңыз дейді. Егер де ұжымдық иммунитет қалыптасуын қаласақ, қайта баяғы өмірімізге тез оралғымыз келсе  вакцина салдыру керек. Желілерде атой салып қарсылық білдіріп жатқандардың үндемей, тып-тыныш салдырып алғандарын да көзіммен көріп, естіп жүрмін" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина жайында өз ойын айтып, алдағы уақытта оны салдыруға ниетті екенін жеткізді. Оған қоса, тележүргізуші екпеге қарсы шығып жатқандарды сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909649-laila-sultanqyzy-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-qasan-salatynyn-aitty/

pixel