Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"21 жыл күткен бақыт": Өмірқұл Айниязовқа жұбайы қыз сыйлады

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов жарымен
Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов тағы да әке атанды. Өнер иесінің келіншегі оған қыз бала сыйлаған. Ерлі-зайыптыдар үшін бұл көптен күткен перзент болды деп жазады KAZ.NUR.KZ,

Қуанышы қойнына сыймаған әке бұл жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы көпшіліктен сүйінші сұрап, қызды болғанын хабарлаған.

"Құрметті ағайын Өмірқұл балаларыңыз араға 21 жыл салып, 21-ғасырда, 21-жылы қызды болды. Біздің үйде үлкен қуаныш" , - деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Жалғыз ұлдарын тәрбиелеп келген ерлі-зайыптылар 21 жылдан кейін тағы ата-ана бақытын сезінуде. Олар үшін аса қатты қуанған желі қолданушылары өз құттықтауларын жолдап, ақ тілектерін жаудырған.

"Аллаға шүкір, бауы берік болсын. Үлкен азаматша болсын", "Қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Көптен күткен сәби ғой. Қандай бақыттысыз", "Бауы берік болсын, Өмеш! Қыздың маңдайының бағы бес елі болсын деп тілеймін", "Құтты болсын! Денсаулығы мықты, бақытты қыз болып, өсе берсін", "Өмірқұл аға былтыр карантинде бекер жатпапсыз ғой" , "Сіз үшін қуаныштымыз. Тәтті балапан қызығын көрсете берсін" , - деп жазуда қалың көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909667-21-zyl-kutken-baqyt-omirqul-ainiyazovqa-zubaiy-qyz-syilady/

pixel