Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оскар-2021" сыйлығының иегерлері анықталды

Опубликовано:

Оскар иегерлері
Фото: ABC via Getty Images

Лос-Анджелесте "Оскар-2021" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды ABC.

Үздік фильм

Биыл "Үздік фильм" номинациясында америкалық режиссер Хлоя Чжаоның "Көшпенділер жері" картинасы топ жарды

"Бізге төзімділік пен үміттің күшін сыйлап, нағыз мейірімділіктің қандай болатынын еске салғандарыңыз үшін рақмет", – дейді ол.

Үздік режиссер

"Үздік режиссер" номинациясындағы марапат "Көшпенділер жері" фильмінің режиссері Хлоя Чжаоға бұйырды. Хлоя "Оскар" сыйлығын алған тегі азиялық алғашқы әйел адам және екінші әйел режиссер.

Шет тіліндегі үздік фильм

Томас Винтербергтің "Тағы бір реттен" фильмі "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясында жеңіске жетті. Фильмде алкогольдің адам денсаулығына қажеттілігі туралы теорияны тексергісі келетін төрт дос туралы айтылады.

Үздік бірегей сценарий

"Үздік бірегей сценарий" номинациясында "Үміт сыйлайтын қыз" фильмінің сценариі үздік деп танылды. Фильмнің сценариін жазған – Эмиральд Феннель.

Үздік актер

Биыл "Үздік актер" сыйлығын Энтони Хопкинс "Әке" фильміндегі рөлі үшін алды. Бұл Хопкинстің мансабындағы екінші "Оскар".

Үздік актриса

Ал "Үздік актриса" номинациясында Фрэнсис Макдормэнд жеңіске жетті. Ол "Көшпенділер жері" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" алды.

Екінші пландағы үздік актер

Дэниел Калуя "Иуда және қара мессия" фильміндегі рөлі үшін "Екінші пландағы үздік актер" атанды.

Екінші пландағы үздік әйел рөлі

"Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясында кореялық актирса Юн Ё Чжон жеңіске жетті. Ол "Минари" фильмінде рөлі үшін "Оскарға" лайық деп танылған.

Үздік анимациялық фильм

Биыл үздік мультфильм атағына – Pixar студиясы түсірген "Жан" анимациялық фильмі ие болды. Оның авторлары сондай-ақ үздік музыка үшін де марапатталды.

Үздік толықметражды деректі фильм

Бұл номинацияда "Менің ұстазым – осьминог" фильмі "Оскар" сыйлығын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909706-oskar-syilygynyn-iegerleri-zariyalandy/

pixel