Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқаповтың қатысуымен өткен тойдың видеосы СЭБД назарына ілікті

Опубликовано:

Жұлдыздар тойда
Видеодан кадр: Instagram/shynarsapar

Желіде қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өткен тойдың видеосы тарап кетті. Бейнежазбаларда Әли Оқапов пен Индира Еділбаева секілді әншілер бой көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде жарияланған видеоларға сәйкес, мерекелік шара әнші Диас Аблаевтың 35 жасқа толуына орай ұйымдастырылған. Туған күн кешіне жиылған жұлдызды қонақтар бір-бірімен жарыса фото және бейнежазбалармен бөлісе бастады.

Бұл жайт Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің назарына ілікті. Ведомство өкілдері тойдың видеоларына қатысты пікір білдірді.

"Мерекелік шараның бейнежазбалары мониторингтік топқа жіберілді. Олар видеоны зерттеп, дәлел болатын материалдарды жинаумен айналысады" , - деді СЭБД басшының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Жәния Джуринская жолдасымен бірге карантин уақытында тұсау кесу рәсіміне қатысқанын жазған болатынбыз. Мерекелік шара шектеу шараларына қарамастан мейрамханада өткен көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909726-ali-oqapovtyn-qatysuymen-otken-toidyn-videosy-sebd-nazaryna-ilikti/

pixel