Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маска" шоуының алтыншы шығарылымында кімнің маскасы шешілді, келесі кім?

Опубликовано:

маска1
Фото: Хабар арнасы

Сан түрлі интрига мен қызыққа толы "Маска" музыкалық шоуының көрсетілімі де әне-міне бел ортасына жетті. Алдағы жексенбі, 2 мамыр күні бас-аяғы 14 бөлімнен тұратын жобаның жетінші шығарылымы "Хабар" телеарнасының эфирінен жол тартпақ. Әлемнің 55 мемлекетін шарлап, шартарапты толқытқан аталмыш "Маска" телевизиялық жобасын әр жексенбі, сағат 19.15-те "Хабар" телеарнасынан жіберіп алмаңыздар.

25 сәуір, жексенбі. "Хабар" арнасы эфирінен әдеттегідей "Маска" музыкалық шоуының алтыншы бөлімі көрерменге жол тартты. Жоба қатысушыларын бірден тани алмай, әбігерге түскен төрешілер де, барынша құпиялығын сақтап қалуға тырысып баққан кейіпкер кейіпіндегі қатысушылар да бүгінде толқыныстың шарықтау шегінде.

маск шоу11
Фото: Хабар арнасы

Бағдарлама барысында "маска" киген әр кейіпкердің жүріс-тұрысынан, қойылған сауалдарға берген жауаптарынан еміс-еміс белгілерге ие болған әділқазы алқаларының да саналары сантарапқа әбден сабылғаны анық сезіледі. Десе де, көрігі қызған музыкалық шоудың қызығы арта түспесе, кеміген емес.

маск шоу маска11
Фото: Хабар арнасы

Сонымен, алтыншы шығарылымға қысқаша шолу:

Төрешілердің қатарын бұл бөлімде Төреғали Төреәлі толтырса, бағдарламаға арнайы шақырылған қонақ – қазақстандық рэпер AZ болды.

Азамат11
Фото: Хабар арнасы

"Маска" музыкалық шоуының қазақстандық нұсқасының эфирден өткен алтыншы айналымында Арыстан, Аққу, Робот, Бүркіт, Сиыр өнер көрсетті. Соңында қауіпті аймаққа Робот пен Сиыр түсіп, жобадан Робот шығып қалып, маскасын шешуге мәжбүр болды. Бұл жолы Жанар Айжанованың болжағанындай, оның театр және кино актері - Рүстем Жаныаманов екені белгілі болды.

Рүстем14
Фото: Хабар арнасы

Еске сала кетейік, қатысушылардың қатарында тек қана әншілер мен музыканттар ғана емес, актерлер, тележүргізушілер, вейнерлер, әзілқойлар мен спортшылар бар. Бірақ оларды тану өте қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылған.

Төрткүл дүниені таң қалдырудан танбаған "Маска" шоуының қазақстандық нұсқасының қазылар алқасы: Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова және Марат Оралғазин. Сондай-ақ, әр шығарылымда бұл қазылар алқасының құрамына бесінші төреші қосылып отырады, және ол әр бағдарлама сайын ауысып отырады.

Ерке маска шоу11
Фото: Хабар арнасы

Жетінші айналымда маскасын шешетін кейіпкермен таныс болғыңыз келеді ме? Бұл жолы кімнің маскасы шешіледі? Бұл сұрақтардың жауабын 2 мамыр күні "Хабар" телеарнасынан сағат 19.15-те бірге тамашалай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909782-maska-souynyn-altynsy-sygarylymynda-kimnin-maskasy-sesildi-kelesisi-kim/

pixel