Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан ұлын туған күнімен құттықтап, оған ерекше тосын сый жасады (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан күліп тұр
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан тұңғышы Муслимді туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі құрбылары мен жақындарын жинап, баласына естен кетпес тосын сый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ұлының жаңа жасын тек ет-жақындарының арасында атап өткен.

Әнші туған күн иесін түнгі сағат он екіден кейін қалай құттықтағандарын Instagram парақшасында көрсетті. Ол Муслимге ұйымдастырылған тосын сыйдың видеосымен бөлісіп, көпшілікті қуантты.

Әртіс баласына туған күнінде ерекше көңіл күй сыйлау үшін үйін көк түсті шарларға толтырып тастаған. Одан кейін перзентіне түрлі сыйлықтарға толы үлкен қорап тарту етілді. Ерке жариялаған видеодан туған күн иесінің олардың әрқайсысын ашып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының ұлын құттықтап, оған өз ақ тілектерін жолдап жатыр. Көпшілік жұлдызды ананың баласына жасаған тосын сыйын да жоғары бағалап өткен.

"Шын жүректен құттықтаймыз. Үлкен азамат бол", "Ерке жарайсың. Балаңды әркез қуантып жүресің. Енді бұл перзент саған да қызығын көрсетсін" , "Муслим жаңа жасың құтты болсын. Ата-анаң секілді үлкен сыйлы азамат бол" , "Керемет тосын сый болған екен" , "Әр баланың арманы емес пе" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909916-erke-esmaxan-ulyn-tugan-kunimen-quttyqtap-ogan-erekse-tosyn-syi-zasady-video/

pixel