Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз фото": Гүлзира Айдарбекова өз үйлену тойы қалай өткенін есіне алды

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің қалыңдық болған кезін есіне алып, үйлену тойы туралы бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Белгілі продюсер отбасын құрған күннен тек жалғыз фотосы бар екенін айтып, оны көпшілік назарына ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова өзінің отбасылық мұрағаттағы суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда жас жұбайлардың бір топ адамның ортасында тұрғандарын көруге болады.

Қайрат Нұртастың анасы бұрынғы кезде өткен тойлар мен қазіргі мерекелік шараларды өзара салыстырып өтті. Оның сөзінше, кезінде әркім ұялы телефон ұстамағандықтан, тойлардан естелік фотолар тым аз болған.

"Біздің той күніндегі жалғыз естелік суретіміз.Тура осы тұрыста қыз жолдас пен күйеу жолдас төртеуіміздің тағы бір көрінісі бар болды. Осы кезге дейін келіншектер басына фата киетін, алғаш осындай шляпа мода болып, соны кигеніме мәзбін. Ол кездері ұялы телефон да, видео деген де жоқ, АХАЖ бөлімінде тек осы жерге не болмаса мешіттің алдына барып арнайы фотографқа барып суретке түсетінбіз.
Ал тойымыз ауылда болғандықтан ешқандай сурет те, видео да, ешқандай естеліктер жоқ. Қазіргі дамыған заманда не жоқ, бәрі бар. Біз көрмеген жақсы дүниенің бәрін ұрпағымыз көрсінші деп, балаларымыздың бақытын тілеп отырамыз. Алла солардың қызықшылығын көруімізді жазсын" , - деді Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909924-zalgyz-foto-gulzira-aidarbekova-oz-uilenu-toiy-qalai-otkenin-esine-aldy/

pixel