RU

Жарына ән арнаған Төреғали Төреәлі елді тәнті етті (видео)

Төреғали мен Толқын
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі келіншегіне ән арнап, оған деген өз сезімін білдірді. Желіде ерлі-зайыптылардың қатысуымен түсірілген бейнеролик те пайда болған. Аталмыш видео бірден қалың көпшілікке ұнап, елдің ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларын сүйсіндірген бейнежазбамен Төреғалидің жары Instagram парақшасында бөліскен.

Ерлі-зайыптылардың видеосы елді тәнті етіп, бірден халықтың оң бағасын алған. Көпшілік оларға осындай форматтағы бейнероликтермен жиі бөлісіп тұруын сұраған.

"Қандай жарасымды жұп. Сіздерді үлгі тұтатымн", "Екеуінің көзінен махаббатты көрмеу мүмкін емес. Жарайсыздар, бақытты болыңыздар", "Толқынға жетер қыз жоқ. Төреш бағала", "Сондай тәттісіздер. Елдің көзі тимесін, махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өмірдің соңынан дейін осылай бір-біріңізге махаббат көзімен қарап, қол ұстасып жүре беріңіздер", - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің жары желіде кенже қызын туған күнімен құттықтап, оған қатысты тың мәліметтермен бөліскен еді. Қызығы, ерлі-зайыптылардың бұл перзенті Қазақстанда емес, Қытай елінде туған болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910047-zaryna-an-arnagan-toregali-toreali-eldi-tanti-etti-video/