Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біраз жүрек мейірімге толар еді": Жазира Байырбекова ел билігіне өтінішін айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова өзін толғандыратын мәселені көтеріп, мемлекет басындағыларға үндеу жолдады. Өнер иесі ел билігінен балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұарды. Оның сөзінше, бұл жайт көп мәселені шешпек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова ерекше өтінішін Instagram парақшасы арқылы білдірді. Эстрада жұлдызы аталмыш мәселе аясында арнайы жазба жариялап, оның шешу жолын ұсынды.

Әнші ел билігіне қарттар мен балалар үйін қосудың маңыздылығын түсіндіріп, бұл жайында өз ойын айтты.

Қызымыз Дара ерке.Анасының да. әкесінің де. көкесінің де. біздің үйде тұратын туған туыстардың да махабатына бөленіп өсіп жатыр ,Аллаға шүкір. Мені көп толғандыратын мәселе: Еліміздегі балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес.Оларға материалдық көмек жасайтындар көп. Бірақ, балаға қарайтындар (нянялар) қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махабат бөле алмайтыны үшін жаным ауырады.Адамға,балаға мейірім мен көңіл бөлініп тұрса қара нан мен қара су болса да жетеді емес пе?!
Мен жеке басымның,отбасымның мәселесімен өкіметтен бір нәрсе сұрамадым. Бірақ, мемлекет басшыларынан балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді. Мүмкін менің осы жазбам өкімен басшыларының бір мейірімдісінің құлағына жетіп қалар. Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүректер мейірімге толар еді! Қолдайсыздар ма" , - деп жазды Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова жедел жәрдеммен ауруханадан бір-ақ шыққанын айтып, елді алаңдатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910259-biraz-zurek-meiirimge-tolar-edi-zazira-baiyrbekova-el-biligine-otinisin-aitty/

pixel