Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Бекмамбетов Мәскеудегі пәтерінен айырылып қалуы мүмкін

Опубликовано:

Тимур Бекмамбетов улыбается
Тимур Бекмамбетов. Фото: Stanislav Krasilniko/TASS/Getty Images

Ресей астанасы Мәскеудің орталығында орналасқан Тимур Бекмамбетовтің пәтерін сот арқылы тартып алмақ. Бұған режиссердің пәтерді заңсыз қайта жоспарлауы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Mash telegram арнасының хабарлауынша, Бекмамбетов 1912 жылы салынған үйден 226 шаршы метр кадастрлық құны 88 миллион рубль болатын (505,5 миллион теңге) пәтер сатып алған.

Алайда режиссер бастапқы жобалауын ұнатпай, еденді ашып, қабырғаларды алып, өзгертіп тастауға шешім қабылдаған. Салдарынан үйдің қирап қалу қаупі туындапты.

Өткен жылдың желтоқсан айында тарихи ғимаратқа тексеру жүргізген комиссия өзгертулер мен жарықтарды көрген.

Бекмамбетовтің көршісі де өз наразылығын білдірген. Мәскеу қаласының басшылығы режиссерден үйді бастапқы қалпына келтіруді сұраған. Алайда билік өкілдерінің өтініші ескерусіз қалыпты.

Нәтижесінде Мәскеу билігі сотқа жүгініп, үй қирап қалмай тұрғанда пәтерді қайтарып алуды талап еткен.

Еске сала кетсек, Тимур Бекмамбетов танымал ресейлік видеоблогер Юрий Дудьті Лос-Анджелестегі жекежайына қонаққа шақырып, үйінің қандай екенін көрсеткен еді.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында салынған екіқабатты жекежай Лос-Анджелестегі ең үздік аудандардың бірінде орналасқан.

Дәл осы жерде Уолт Дисней өзінің атақты мультфильмдерін жасап шығарған.

Үйде бірнеше жатын бөлме, үлкен ас үй, жұмыс бөлмесі бар. Мэтр бұл жерге жылына бірнеше айға, көбінесе отбасынсыз келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910385-timur-bekmambetov-maskeudegi-paterinen-aiyrylyp-qaluy-mumkin/

pixel