Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз байдың қызы сияқты": Әсел Асқарға күйеуі "Гелендваген" сыйлады (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар жолдасымен
Фото: Instagram/assel.askar

Жақында ғана коронавирус салдарынан ауыр жағдайға тап болған отандық актриса Әсел Асқарға жолдасы күтпеген тосын сый жасап, оны ерекше қуанышқа бөледі. Отағасы әйеліне су жаңа "Гелендваген" автокөлігін тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған келіншек бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. Оның сөзінше, жолдасы бастапқыда балмұздақ сатып алуға кетіп, кейін оған қымбат темір тұлпарды сыйға тартқан.

Инста-әлем жұлдызының ұлы да сыйлықсыз қалмаған. Күйеуі оған самокат тарту еткен.

Бағалы көліктің иесі атанған Әсел бірден жолдасын құшақтап, оған өз алғысын жаудыруға кіріскен. Ол өміріндегі бақытты сәтін өз оқырмандарымен бөлісіп, болашақта оларға да осындай көлік бұйыруын тіледі.

"Болды. Ертең қалаға шығамын. "Гелендвагенмен" нағыз байдың қызы сияқты жүрмесем", - деді Әсел Асқар.

Желідегілер актриса үшін аса қатты қуанып, оған өз құттықтауларын жаудырған. Сонымен қатар, олар отағасының бұл әрекетін жоғары бағалап, оған мақтау сөздерін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910496-aktrisa-asel-asqarga-zoldasy-gelendvagen-koligin-syilady-video/

pixel