RU

"Қазақпын ба, кәріспін бе": Қанат Әлжаппаровтан айнымайтын шетел азаматтары желіні жарды (фото, видео)

Қанат Әлжаппаровқа ұқсайтын кәріс азаматы
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров желіде өзінен айнымайтын шетелдік азаматтардың фотосы мен видеосын жариялап, қалың көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылары олардың бір-біріне қатты ұқсайтынын жарыса жазып, қызу талқыға салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанат Әлжаппаров елді күлкіге қарық қылған бейнежазбаларды Instagram парақшасында жариялап қойған. Әзілкеш көпшілікке өзіне қатты ұқсайтын ер адамдардың бар екенін көрсеткен.

"Мен қазақпын ба? Әлде кәріспін ба? деген ой келеді кейде" , - деп жазды ол.

Актер бөліскен видеоны оған Корей елінде қызмет ететін отандасы жіберген көрінеді. Бейнежазбада ол қазақстандық жұлдызға өз сәлемдемесін жолдап, оның сыңарын өзге мемлекеттен тауып алғанын айтқан.

Ал екінші фотода Әлжаппаровтан айнымайтын шетелдік телехикаяның кейіпкері көрсетіледі.

Бұл жайт желі қолданушыларын тәнті етіп, олардың қызу талқысын тудырды. Олар қос азаматтың да Қанат Әлжаппаровқа қатты ұқсайтындарын жазған.

"Копия өзі ғой. Қатты ұқсайды екен", "Қанат Цой", "Қанат азып қалған ба", "Сізден айнымайды екен" , "Недеген ұқсастық. Таңғалып отырмын", " Шынымен ұқсайсыздар. Өмір деген ғажап", "Қызық екен. Барып таныссаңыз не болар екен" , "Сіздің көшірмеңіз секілді", - деп жазуда қалың көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910503-zelide-qanat-alzapparovtan-ainymaityn-er-adamnyn-videosy-qyzu-talqyga-tusti/