RU

"Өзгеруге тырысып жүрмін": Маржан Арапбаева "жасандылығы" үшін сынға қалды

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Отандық танымал әнші Маржан Арапбаева желіде адамның сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесіне қатысты өз ойын бөлісті. Өнер иесі түрлі кемшіліктерге қарамастан өзін барынша жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысып жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маржан Арапбаева өз өміріндегі өзгерістер туралы Instagram парақшасында жеткізді.

"Шынымен, мен мінсіз адам емеспін. Бірақ, жаратушы маған берген өмірді және өзімді жақсы көремін. Өзімді барынша жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысудамын. Көпшілік секілді тырысып жатырмын. Өмір бір рет қана беріледі. Сол себепті қолымнан келгенше өзгергім келеді (Кішкене фотошопты қолдандым. Қызбыз ғой)" , - деп жазды ол.

Әншінің жанкүйерлері бірден оған өз қолдауын білдіріп, оны ақкөңілділігі мен керемет даусы үшін жақсы көретіндерін жарыса жазды.

"Маржан күннен күнге жасарып барасың", "Маржан сені халық сүйеді. Әркез фонограммасыз ән саласың. Қашанда жақсы көңіл күйде жүресің" , "Сіз көптеген қыздар үшін үлгі болар әйелсіз", "Сіз шынайы жансыз", "Сізді қатты жақсы көреміз", "Шынайы әрі қарапайым адам", "Даусыңыз зор. Әрдайым жоғары деңгейдесіз", "Әншіліктен бөлек, сіз үлгі тұтар ана, әйелсіз", -деп жазды көпшілік.

Алайда, өнер иесін аталмыш фотосы үшін сынға алғандар да табылды. Олардың сөзінше, эстрада жұлдызы фотошоптың көмегіне жиі жүгінетін болған.

"Даусыңнан басқасының барлығы жасанды", "Сіз сәл ғана емес, айтарлықтай көп фотошоп қолданасыз", "Адам танымастай өзгертудің қажеті не" , - деп жазыд олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910510-zaqsy-zaqqa-ozgeruge-tyrysudamyn-marzan-arapbaeva-zasandylygy-usin-synga-qaldy/