Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиі ұрсысып қаламыз": Ләйлә Сұлтанқызы жан досы туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы мен Жан Мұқанов
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде өзінің ең жақын досы Жан Мұқановты туған күнімен құттықтап, оған өз ақ тілегін жолдады. Ақпарат өкілі олардың достығы туралы тың мәліметтермен бөлісіп, белгілі продюсердің шын өмірде қандай екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы жан досына деген игі тілегін Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Тележүргізуші оны және оның жұмысын ерекше жоғары бағалайтынын айтты.

Сонымен қатар, ақпарат өкілі олардың достығына қатысты қызықты фактілерді келтірді. Белгілі болғандай, шоу-бизнес өкілдері өзара келісе алмай, жиі ұрсысып тұратын болып шықты.

"Жиі ұрсысып қаламыз, татуласуымыз да тез. Эмоцияға берілсек, бір-бірімізді уақытында баса аламыз. Қиялы ұшқыр, басы креативке толы. Кейде оның идеяларын рамкаға сыйғыза алмай қаламыз. Арманы шарықтаған кезде шек болмайды, сол кезде мен заманның заңдылықтарын алға тартып тоқтамын. Ал ол болса: "Неге үнемі артқа тартасыңдар? Қорқасыңдар?" — деп маған ұрсады. Шынымен досымның тежегішімін. Өйткені оның ойларын заң жүзінде қағазға түсіріп жасау оңай емес еді.
Қанша жыл серіктес, жолдас, отбасылық дос боп келеміз, оның отбасылық құндылықты дәріптейтіні ұнайды. Шымкентке көшіп кетсе де, күнде көріспесек те, алыста болсақ та жақынбыз, әрқашан бір-бірімізді қолдап жүретін нағыз доспыз. Соны бағалаймын. Бүгін осы Жан Мұқанов досымның туған күні! Отбасымызбен шын жүректен құттықтаймыз! Денің сау, отбасың аман, талмай жасап жатқан еңбегің жемісті болсын! Тілеулес екенімді білесің", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910581-zii-ursysyp-qalamyz-laila-sultanqyzy-zan-dosy-turaly-syndyqty-aitty/

pixel