Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Инсульт алдым": Қайрат Түнтеков жол апатынан кейінгі қиын кезеңді есіне алды

Опубликовано:

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков. Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Түнтеков өмірін түбегейлі өзгерткен жол апатын есіне алып, одан кейінгі қиын кезеңі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі бұл ауыр күйзеліс салдарынан денсаулығы да сыр беріп, инсульт алғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Түнтеков өзі тап болған жол апаты туралы ащы шындықты айтып, көпшілікті таңғалдарды.

Өнер иесі жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін әлдекімдер оның басына тапанша төсеп, тиісті қағаздарды қорқытып жаздырып алған болып шықты. Оған қоса, әнші өзіне ұзақ уақыт бойы қоқан-лоққы көрсетілгенін мойындады.

"Жол апаты болады да, мен де күйзеліс басталады. Қазір күлкімен есіме аламын. Қырық күн отырдық. Сол кезде бір шулатып бір көтеріп жіберді ғой. Қазірмен салыстырғанда болмайтын нәрсе. Меніңше, мәселенің барлығы жоғарыдан болған қысымнан еді. Бәлеқорлық көп болып кетті ғой. МАИ қызметкерлері жол апаты орнына келгенше біреулер тапанша төсеп, жаздырып жіберді. "Алпыс мың доллар бересің" деді. Тапаншамен қорқытқан соң жазып бердім. Кейіннен бір министрдің өзі қолға алғанын білдім. Жол апатына түскен қыз солардың таныстары болып келеді екен.
Расписка жазғызып алды. Содан кейін мен қашып жүрдім. Мені бір құдды 18 адам өлтіріп қойғандай іздеп жүрді. Бір күні футболдан шыққаннан кейін танысым хабарласып кездесейік деді. Сол ұстап берді ғой. Бірден қолыма кісен салып алып кетті. Ертесіне телеарналарды шақырып қойған. Бір күн бойы изоляторда жаттым. Өте суық болды, өмір сүре алмайсың ол жерде. Қырық күн отырдым. Ешкімді жолаттырған жоқ. Анамды да кіргізген жоқ. Тіпті желтоқсаншылар одағы да келген. Бірақ, ешкімді жолаттырмаған, жолаттырғысы да келмеген" , - деді әнші.

Эстрада жұлдызы уақыт өте келе жазып берген соммасын толығымен қайтарып берген. Алайда, оны табыстап болмайынша оған қоқан-лоққы көрсетіліп, қысым жасалған.

Қайрат Түнтеков өмірінде орын алған бұл жағдай салдарынан денсаулығы да нашарлап кеткенін растады. Өнер иесі тіпті микроинсульт алып, емханаға түскенін жеткізді.

"Жазып берген қарызымнан құтылған соң, жол апатының қарызы болған. Оны ұзақ уақыт жаба алмай жүрдім. Олар телеарналарға да шығарды. Бірақ, 2018 жылы "I`m singer" жобасында жеңіп алған ақшамды соған жұмсадым. Рахаттанып қалдым. Барлық бәледен құтылдым деп ойладым. Бірақ, күйзелістің кері әсері қалып қояды екен. Мен микроинсульт алдым. Күйзеліс кесірінен ішкен кездерім болды. Мен алтын әрі мінсіз жан емеспін. Меніңше, сондай сынақты өте алатын да, алмайтын да адам бар. Сол оқиға мені сындырғандай болды. Бірақ, сынбадым", - деді Түнтеков "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910589-insult-aldym-qairat-tuntekov-zol-apatynan-keiingi-qiyn-kezendi-esine-aldy/

pixel