Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Әсел Асқар Алматының ең қымбат ауданында орналасқан пәтерін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар күйеуімен
Фото: іnstagram.com/assel.askar

Қазақстандық актриса Әсел Асқар күйеуі және баласымен бірге көшіп кеткен жаңа баспанасын көрсетті. Оның сөзінше, олардың пәтері Алматының ең қымбат әрі ең әдемі ауданында орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Асқар үйінің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Кең сарайдай үйден таудың әдемі көрінісін тамашалауға болады.

"Бұл біздің жатын бөлмеміз. Әдемі, жарық, маған ол қатты ұнады. Аула да әдемі. Енді біз ең қымбат және ең әдемі ауданда тұрамыз. Міне, осылай", - деп мақтанды актриса.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әсел Асқарға жолдасы күтпеген тосын сый жасап, оны ерекше қуанышқа бөлегенін жазған едік. Отағасы әйеліне су жаңа "Гелендваген" автокөлігін тарту еткен.

Қуанышы қойнына сыймаған келіншек бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. Оның сөзінше, жолдасы бастапқыда балмұздақ сатып алуға кетіп, кейін оған қымбат темір тұлпарды сыйға тартқан.

Инста-әлем жұлдызының ұлы да сыйлықсыз қалмаған. Күйеуі оған самокат тарту еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1910684-aktrisa-asel-asqar-almatynyn-en-qymbat-audanynda-ornalasqan-paterin-korsetti-video/

pixel