Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі ақылды, бәрі мінсіз": Ерке Есмахан жеке өмірін талқыға салғандарға жауап берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өзінің жеке өмірін тоқтаусыз талқылап жатқан көпшілікке жауап берді. Өнер иесі өміріне асқан қызығушылық танытқан жандарға ақыл-кеңесін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан өзінің қарым-қатынасы туралы пікір таластырып, өз ойын айтып жатқан адамдарға қатысты өз ойын Instagram желісінде білдірді. Әнші жеке парақшасында азулы жазба жариялап қойған.

"Қарап тұрсам мен туралы, біз туралы жұрттың бәәрі жазғыш болып кетіпті ғой, иә?Жазғандарын оқысам, тіпті бәрі ақылды, бәрі мінсіз, керемет өмір сүріп жатқан адамдар екен, басқа шаруалары жоқ екен. Алладан сұрарым әрдайым солай болсын, қазағым тек біреудің жеке өмірі үшін уайымдасын, басқа проблема мүлде болмасын, әумин!
Біздің таңдауымыз, өміріміз сіз ойлағандай болмаса, қапа болмаңыз, денеңізді бос ұстап терең демалыңыз. Оған да қоймаса вакцина салдыртыңыз! Сіздер анау-мынау деп жатқанда, біз демалып жүрміз, Алматының әсем табиғатында орналасқан демалыс орны көңілден шықты! Походқа шыққандай әсер қалдырады, бірақ бәрі заманауи әрі ыңғайлы", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Ерке Есмаханның жазбасына екі түрлі пікір білдірді. Бірі оны қолдап жатса, енді бірі оның жеке өмірін одан бетер талқылауға көшкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911145-bari-aqyldy-bari-minsiz-erke-esmaxan-zeke-omirin-talqyga-salgandarga-zauap-berdi/

pixel