Мінсіз мүсінді Жанар Дұғалова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанар Дұғалова желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, ерлер қауымын өзіне қаратты. Аталмыш фотоларда әнші бар дене сымбатын паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова Instagram парақшасында сахна сыртында тұрған суреттерімен бөлісіп, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік назарына өнер иесінің талдырмаш мүсіні түскен. Эстрада жұлдызының үстіндегі көйлегі оның бар дене сымбатын көрсетіп тұрды.

Бұл жайт бірден ер адамдардың желідегі белсенділігін арттырды. Олар Дұғаловаға аса тәнті болып, оның парақшасында түрлі пікір қалдырды.

"Сұлусыз, мін жоқ", "Неткен көрікті едің", "Осы ару күннен күнге тек жасарып, гүлденіп барады", "Ғашықпын сізге, неткен мүсін", "Фигураңыз от. Отандық шоу-бизнесте ешкімнің мүсіні сізге жетпейді", "Жанар бұл әлем үшін тым сұлу", "Сіз нағыз сұлулықтың символысыз", "Суреттеріңе қарай бергім келеді", "Сізді бір көргеннен жақсы көріп қалдым", "Жүрегіңді жаулап көруге мүмкіндік бар ма", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911152-minsiz-musindi-zanar-dugalova-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/