Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке өміріме қатысы жоқ": Қайрат Нұртас махаббат жайлы ән шығарды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас "Жаным" әтті су жаңа әнін халыққа ұсынды. Өнер иесі жаңа туындысында сүйіктісімен бірге бола алмайтыны туралы сыр шертеді. Алайда, әнші бұл өлеңнің жеке өміріне ешқандай қатысы жоқ екенін бірден кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас жаңа әнін Instagram парақшасында жариялап, көпшілікке ұсынды.

"Көптен күткен әндеріңіз "Жаным" қабыл алыңыздар. Жеке өміріме еш қатысы жоқ ән", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Хитменнің жаңа туындысы бірге бола алмаған ғашықтарға арналған.

"Жаным бәрібір сен менің мәңгілік жанымдасың. Жаным бәрбірі жырақта жүрсең де жанымдасың", - деп ән шырқайды Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл өлеңіне қатысты пікірлерімен бөлісіп, өз бағасын беріп жатты. "Жаным" әні көпшіліктің көңілінен шыққан көрінеді.

"Қалай керемет ән орындайды", "Бірден хит болады", "Хит болып кетті", "Әдемі шыққан", "Жарайсың Қайрат. Тыңдармандарың даусыңды сағынды", "Мына ән жүрекке жетеді екен", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911316-zeke-omirime-qatysy-zoq-qairat-nurtas-maxabbat-zaily-an-sygardy/

pixel