Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов: Қазақша сөйлеп жүріп, қазақша түсінбейтініміз де бар

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов шетел философиясына бет бұрып жатқан қазақтар туралы пікір білдірді. Өнер иесі өзге ел ғұламаларын тілге тиек еткенше, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға мән берген жөн екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, қазақтың мақал-мәтелдері мен термелеріне жететін нәрсе жоқ. Бағлан Әбдірайымов олардың арқасында адам жігерленіп, үлкен тәлім-тәрбие ала алады деп есептейді.

Өнер иесі бұл жайында өз ойымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Қазақтың ұстазы - қазақ. Қазір шүкір, ізденісте жүрген бауырлар баршылық. Шетел ғұламаларын тілге тиек етіп сөлегенде, кәсіп саласын да өзге елмен мысал келтіргенде, еуропадан оқыған философиясын таң қалып айтып, бөлісіп жатады. Дұрыс ақ!
Бірақ, қазақша сөйлеп жүріп, қазақша түсінбейтініміз де бар. Қазақтың қай мақалын алып қараңыз. Қазіргі терминмен айтқанда, тұнып тұрған “мотивация”. Келісіз бе? Ал, термелері ше? Алпыс екі тамырыңа қан жүгіртіп, рухыңды қозғаған да; “Қазақ біліп айтқан!” - екен дейсің", - деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызының бұл пайымына қатысты желідегілер де пікір білдірді. Аталмыш мәселеге қатысты олардың ойы екіге бөлінді.

Бірі Бағлан Әбдірайымовтың көзқарасына жақтасса, енді бірі өз елімен шектелмей шетелдік философияны да меңгерген артық етпейтінін алға тартуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911357-baglan-abdiraiymov-qazaqsa-soilep-zurip-qazaqsa-tusinbeitinimiz-de-bar/

pixel