Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Бақтыбаева тұрмысқа шыққан соң күйзеліске түскенін айтты

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Халықаралық Канн фестивалінің қатысушысы, 2019 жылы Орталық Азияның ең үздік актрисасы, бірнеше фильмдерде басты рөлді сомдаған Динара Бақтыбаева тұрмысқа шығып, Атырауға көшкеннен кейін экраннан көрінбей кеткен еді. Ана болу бақыты карантинмен тұспа-тұс келген әртіс декреттік демалысын «жан тыныштығын» іздеумен өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Бақтыбаеваның өміріндегі үлкен өзгерістерден соң, алғашқы сұхбатын "Ревю" бағдарламасына берген. Онда өнер иесі күйзеліске ұшырағанын ашық айтып, қиын кезеңнен қалай өткенін баяндап берді.

Актриса көпшілікке өз шындығын ашық айту үшін үлкен күш керек болғанын айтады. Динараға оны алыстан іздеудің қажеті болмаған, себебі жұбайы барынша түсініп, қолдауға тырысқан.

"Бұл менің босанғаннан кейінгі іштей сезінген депрессиям болды. Ол сондай түсініксіз нәрсе және ол шыныменде бар, себебі мен өзім мойындамасам да, мен сол күйді сезіндім. Ана болған кезде өзіңнің бойыңнан тек жақсы қасиеттеріңді ашуға тырысасың және әлемнен тек жақсылықты көргің келеді. Себебі өміріңе бір кішкентай ғажайып келеді де, жамандықты ойлай да алмайсың. Өзі өшіп қалады ма, білмеймін оның қалай жұмыс істейтінін.
Мен тіпті жұбайыммен әзілдесетін едім, сен дайындық курсынан өткен сияқтысың немесе өте жақсы жар, әке болу үшін кітап оқығанға ұқсайсың дейтінмін. Оның тарапынан үлкен қолдау болды. Менің барлық қырсығымды көтере білді. Тіпті күні бойы сөйлемей қалсам да, ол түсіністікпен қарады. Менің оған алғысым шексіз. Менің басымнан ешкіммен сөйлескім, хат жазысқым, тіпті көргім келмейтін кезең өтті. Бәрін өзім шеше аламын деп ойладым. Бірақ, жиналған негативпен бөліскім келмеді. Түсінбейтін шығар және әркімнің өз проблемасы толып жатыр ғой деген ойда болдым.

Бүгінде актриса мен оның күйеуі Аяна есімді қыз тәрбиелеп отыр. Күйзелістен айығуға кішкентай балапанның да септігі тигенін актриса жоққа шығармайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911422-dinara-baqtybaeva-turmysqa-syqqan-son-kuizeliske-tuskenin-aitty/

pixel