Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Альбина Шардарова екінші сәбиін күтіп жүргенін растады (видео)

Опубликовано:

Альбина Шардарова
Фото: Instagram/albina.shardarova

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова жақында тағы да балалы болмақ. Әнші ару екінші сәбиін күтіп жүргенін қалың көпшілікке жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптылар болашақ перзентінің жынысын анықтау үшін арнайы гендер-пати ұйымдастырған. Олар өміріндегі бақытты сәттерінің көрінісімен Instagram желісінде бөліскен.

Жұлдызды жұп өз парақшаларында видео жариялап, екінші перзентін күтіп жүргендерін растады. Олар барша отбасылық достарының басын қосып, солардың көзінше болашақ сәбиінің жынысын анықтаған. Ерлі-зайыптылар тағы да қызды болмақ.

Желі қолданушылары Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатовты жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты болыңдар", "Қандай керемет жаңалық", "Бастысы дені сау болсын", "Салиқалы ұрпақ болсын", "Альбина аман-есен бөпеңді бауырыңа ал", "Қуаныштымыз", - деп жазуда көпшілік.

Алайда, кейбір оқырмандар болашақ перзентінің қыз болатынына жұлдызды әкенің аса қуанбағанын байқап қалған. Олардың сөзінше, шар ішінен қызғылт түс шыққанда Сатовтың қатты эмоцияға да берілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911821-ansi-albina-sardarova-ekinsi-sabiin-kutip-zurgenin-rastady-video/

pixel