"Қауіпті ару": Қарумен суретке түскен Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты
Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде жаңа суреттерін бөлісіп, көпшілік назарын өзіне аударды. Желі қолданушылары қарумен фотоға түскен өнер иесін бірден қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәмшат Жолдыбаева ел арасында талқыға түскен суретін Instagram парақшасында жариялап қойған. Фотода эстрада жұлдызының қару ұстап тұрғанын көруге болады.
Әншінің жанкүйерлері оны мұндай кейіпте көрмегендіктен өз таңданысын жасырмады.
"Кәмшатты қарумен көрген де бар, көрмеген де бар", "Бір фотода екі қару", "Қауіпті ару", "Сіз не істесеңізде бәрі жараса кетеді", "Байқа қаруың атылып кетпесін", "Сізге кез келген образ жарасады екен", "Қару қауіпті ме? Сен бе?", "Кәмшат біреуден кек алайын деп жүрген секілді", "Абайлаңдар, Кәмшат хейтерлерді орнына қояйын деп жүр", "Бұлай сұлу болуға болады ма?", - деп жазуда желі қооданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911847-qauipti-aru-qarumen-suretke-tusken-kamsat-zoldybaeva-qyzu-talqyga-tusti/