RU

Динара Сұлтан жолдасының жас кезін көрсетті (фото)

Динара Сұлтан
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан қалың көпшілікке жолдасы жас кезінде қандай болғанын көрсетті. Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін өнер иесі желіде мұрағаттағы фотомен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан Instagram парақшасында жолдасының әскерде болған кезінен сурет жариялап, оқырмандарын таңғалдырды. Көпшілік үшін отбасы, әсіресе отағасы туралы айтудан қашатын әншінің бұл әрекеті аса қызық болған.

Желі қолданушылары аталмыш суретті бірден қызу талқыға алған. Отағасы жайында білгісі келген оқырмандар көпбалалы әртісті сұрақтың астына алды.

"Жолдасыңыз үлкен кісі ма? Совет үкіметі кезінде әскерде болыпты", "Балаларыңыз әкесінен айнымай қалыпты ғой", "Жолдасыңызды көрмесек те, суреттен оның балаларыңызбен ұқсастығы бойынша табу оңай екен", "Балаларыңыздың барлығы дерлік әкесіне тартыпты. Сізге аса ұқсамайды", "Ерлан аға өте тамаша кісі", "Бақытты болыңыздар, балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911877-dinara-sultan-zoldasynyn-zas-kezin-korsetti-foto/